Көлік полицейлері Елбасы Жолдауын талқылады

Көлік полицейлері Елбасы Жолдауын талқылады

Бүгін Көліктегі ІІД-де ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауы талқыланды.

Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің жеке құрамының алдында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов пен Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының өкілі Марат Әубәкіров баяндама жасады.

Басқосуды ашқан Көліктегі ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ренат Унарбеков бүгінгі таңда Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы мен ҚР Президенті-Ұлт көшбасшысының билік тармақтарының арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу туралы үндеуінің маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Өз кезегінде сөз алған Т.Сыздықов ел дамуының жаңа кезеңін айқындап берген тарихи құжаттың негізгі аспектілерін жиналғандарға түсіндірді.

Талқылау барысында Елбасы Жолдауындағы басым бағыттардың бірі әрі бірегейі саналатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі де қызу талқыланды.

Сондай-ақ маңызды жиында департамент жеке құрамы арасындағы қоғамдық тәртіпті күшейту, тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.