Қазақстанның экономикалық өсімінің жаңа моделі құрылуы тиіс

Қазақстанның экономикалық өсімінің жаңа моделі құрылуы тиіс

Елбасы Жолдауында «экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді.Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі ұлтқа берілген мүмкіндік» деп ерекше атап көрсетті.

Яғни Қазақстанды Үшінші жаңғырту барысында елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделі құрылуы тиіс. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы жүктеген міндеттердің жай-жапсарын түсіндіру мақсатында өңірлерді аралаған Мәжіліс депутаттары да жан-жақты тоқталды. Мәселен, Оралдағы кеме құрастыру зауыты еліміздің шекарасын қорғауға арналған су көліктерін шығаратын іргелі кәсіпорын. Мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған зауыт бүгінде өндірістік цехтарды жаңалауға көшті.

Бақтияр Мәкен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мақсат – Жолдаудағы басты басымдықтардың бәрін арнайы тәжірибе тұрғысында түсіндіру және мына Парламентте болып жатқан жақында ғана Елбасымыздың үндеуіндегі жариялаған өзгерістерге, билік тарапынан болған өзгерістерге, конституциялық реформаларға байланысты халық арасында қарапайым тілде түсіндіріп, қандай мақсаттармен біз әрі қарай өз еліміздің дамуына өз тарапымыздан басымдықтар жасаймыз. Мына депутаттар тарапынан қандай мақсаттар қоямыз. Соның бәрін біз толығымен осындай насихат жұмысымен келіп отырмыз.