Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі Елбасы Жолдауы туралы пікір білдірді

Билік тармақтары өкілеттіктерін қайта бөлу жөніндегі реформа – қоғамдағы демократиялық үрдістердің дамуының тағы бір айқын көрінісі.

Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі Мохамед Итлаф Шейх осындай пікірде. Лорд бұл өзгерістер уақытылы және өзекті деп есептейді. Ол үкіметтің және басқа да атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру қажеттігін құптайды. Шейхтың пайымдауынша, билік тармақтары өкілеттіктерін қайта бөлу үдерісі мемлекет өркендеуінің жаңа белесі болмақ.

Мохамед Итлаф Шейх, Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі:

- Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған реформаларын біз құптаймыз. Бұл Қазақстан қоғамын демократизациялау ісіндегі тағы бір қадам болады. Бұл реформалар үкімет пен парламент құзіретін арттыруға бағытталғаны қуантады.