А.Мұсақожаева: Білім сапасы еңбек нарығының жоғары талаптарына сай келуі керек

Білім саласының сапасы еңбек нарығының жоғары талаптарына сай келуі керек.

Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева бастаған ағартушы қауым өкілдері осындай пікірде. Олардың айтуынша, Қазақстанды жаңғыртудың үшінші кезеңі бәсекелестікке төтеп бере алатын кадрлық әлеует қалыптастыруға жол ашады. Сондықтан қазақстандық оқу орындары осы бағыттағы мақсат-міндеттерді орындауға белсенді атсалыспақ.

Айман Мұсақожаева, ҚазҰӨУ ректоры:

- Жолдауда білімге деген қолжетімділікті арттыруға баса мән берілген. Әсіресе, кәсіби техникалық бағытта оқимын деген кез келген қазақстандыққа кең мүмкіндік жасалу қажеттігі атап өтілген. Бұл тапсырманы орындауға біз де атсалысамыз.