Қазақстанда жасалған өнімдер құрамында химиялық заттар аз болуы тиіс

Фото: ВитаПортал

Қазақстанда жасалған өнімдер құрамында химиялық заттар мейлінше аз болуы тиіс.

Сонда ғана Ұлттық бренд қалыптастыра аламыз. Елбасы Жолдауын талқылаған жиында Ұлттық биотехнология орталығының мамандары алға осындай міндет қойды. Отандық биотехнологтар жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттырудың маңызды тұстарына тоқталды. Орталық ғалымдары қазірдің өзінде бірқатар зерттеу құралдарын жасап шығарған. Ауыл шаруашылығы дақылдарына залал келтіретін зиянкестердің алдын алу үшін дәрі-дәрмектің 4 түрі қолданысқа берілмек. Сондай-ақ малға жұғатын індетті 10 минутта анықтайтын тест құралын да ойлап тапқан.

Қасым Мұқанов,  «Ұлттық биотехнология орталығы» бас директорының орынбасары:

- Елбасының айтып өткені ІТ-технология арқылы бүкіл салада біз басқа деңгейге көтерілу керек. Ғылым, білім беру саласында көп мақсат қойылған. Мысалы, агроөнеркәсіп саласында экологиялық таза өнім алу деген үлкен мақсат болып тұр. Қазақстанда жасалған брендті жасауымыз керек.