Елбасы Жолдауы Қазақстан жастарының ел дамуына үлес қосуына бағыт-бағдар береді

Елбасының халыққа Жолдауы Қазақстан жастарының ел дамуына үлес қосуына бағыт-бағдар береді.

Агротехникалық университет қабырғасында жиналған студенттер осындай пікір білдіріп отыр. Бүгін білім беру ордасына Парламент депутаттары келіп, болашақ мамандарға маңызды құжаттың тетіктерін түсіндірді. Студенттер Жолдауды талқылауға белсенді қатысып, көкейіндегі сұрақтарын қойды. «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырған алқалы жиын барысында еліміздің экономикасын жаңғырту үшін қажетті қадамдардың мән-мағынасы айқындалды. Жастар өз тарапынан Президент қойған мақсаттарды қолдайтынын және бірлесе жүзеге асыруға атсалысатынын айтты.

Аяулым Ілиясова, студент:

- Ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы бойынша экономиканы дамыту Жолдауда айтылған болатын. Біздің болашағымыз ол жаңа технология мен ауыл шаруашылығында қарастырылады. Жастар жобаны қолдай отырып, болашақта зор үлесімізді қосуға тырысамыз және де еліміздің көркеюіне мақсат қойып, тек ауыл шаруашылығы мен технологиялар емес, білім, медицина жағынан да озып кетуге тырысамыз.