Қазақстан бірегей көлік дәліздерін іске қосуда тынымсыз тер төгіп келеді

Қазақстанның үшінші жаңғырту үрдісіндегі басымдық берілген басты бағыттарының бірі – жаңа еуразиялық көлік инфрақұрылымын дамыту.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа жолдауында 2020 жылға дейін көлік тасымалынан түсетін кірісті бес есеге арттыруды тапсырды. Ол үшін көршілес елдермен алыс-беріс пен барыс-келісті арттыру қажет. Еуразиялық кәсіпкерлердің экономикалық ынтымақтастығы қауымдастығының басшысы Игорь Филькевич Қазақстанның ірі көлік дәліздері қай тұрғыдан да пайдалы екендігін айтты. Күре жол экономиканың екпінін арттыратынын ескерген жөн. «Бұл ретте Қазақстанның Халықаралық аренадағы беделі жыл санап артып келеді», - дейді экономист.

Игорь Филькевич, экономист:

- Қазақстан бірегей көлік дәліздерін іске қосуда тынымсыз тер төгіп келеді. Нәтижесінде осы жолдар арқылы әлемнің әр еліндегі тауарларды тасымалдауға болады. Қазақстанды әлемнің маңызды магистральдарының қатарына қосу басты міндеттердің бірі. Бұл қомақты кіріс әкеледі. Өзге елдің басшылары да сіздерге инвестиция тартып қана қоймай транзиттік әлеуетті пайдалануға барын салады деп ойлаймын.