Әр кәсіпкер өз тауарын әлемдік стандартқа сай өндіруі қажет

Сонда ғана мемлекеттен қолдау табады.

Бұл туралы бүгін «Ақжол» демократиялық партиясының бизнес өкілдерімен өткізген жиында айтылды. Елбасы биылғы Жолдауында бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды жалғастыру қажеттігін тапсырған болатын. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомстоваға шоғырландыру қажет. «Сонда ғана өндіруші сапалы өнімін сыртқа шығаруға мүмкіндік алады», - дейді бизнес өкілдері. Сонымен қатар, ақжолдықтар жалған кәсіпкерлік туралы заңды қылмыстық сипаттан арылту жайын сөз етті. Жалған кәсіпкерлік туралы баянсыз бапты нақты қылмыс құрамы бар баппен ауыстыру қажеттігін алға тартты.

Берік Дүйсенбинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Елбасының Жолдауында айтылған Үшінші жаңғырту тапсырмасы, жаңғырту цифрлы Қазақстан – осы сұрақтың барлығы кәсіпкерлерге келіп тіреледі. Біз кәсіпкерлікті қолдауды осы заңдарды икемге келтіруден бастауымыз керек. Бизнеске деген ауыртпалықты төмендету. Кәсіпкердің қылмысы анықталғанша мекемені тоқтатпау керек.