IT технологияны жетілдіру керек

Цифрлы Қазақстанға көшу үшін IT технологияны дамыту қажет.

Астанада осы маңызды мақсатты жүзеге асыруды діттеген «Студенттер Альянсының» жиыны өтті. Елбасы Жолдауындағы басым бағыттың бірі цифрлы жүйеге ден қою зейінді де зерек жастардың ғылыми жұмыстармен айналысуына тың серпін беріп отыр.

Дәметкен Байғожанова, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Информатика кафедрасының доценті:

- Жолдаудың ең негізгі тармағының бірі IT технологиясын дамыту болып отыр. Бұл IT технологиясы дұрыс дамып, жетістіктерге жеткізбегенше, шет елдерде әлемдік деңгейде ешқандай жұмыс жасай алмаймыз. Сондықтан Жолдаудың ішіндегі керемет айтып кететін нәрсе IT технологиясы.