Қазақстан Президентінің халқына жолдауы жаһандық талаптарға сай

Қазақстан Президентінің халқына жолдауы жаһандық талаптарға сай келеді.

Бұл Корей Сонггюгван университетінің профессоры Юджин Лидің пікірі. Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев мақсат етіп қойған саяси және әкімшілік өзгерістер республикаға жаңа мүмкіншілік береді. Жолдауда зейнеткерлер мен жастарды әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударылды, - дейді саясаттанушы. Юджин Лиге әсіресе Елбасының адами капиталды,,, тиімдірек қолдану ұмтылысы ұнаған.

Юджин Ли, Корей Сонггюгван университетінің профессоры:

- Қазір Қазақстан өте қызық кезеңді бастан кешіп жатыр. Өзгерістер өте көп. Ол әлемдік қауымдастықтың толыққанды халықаралық мүшесі бола бастағанын айғақтайды. Сондықтан бұл өзгерістердің бағыты дұрыс әрі барлық ғаламдық өзгерістермен қатар жүріп жатыр деп есептеу керек.