Саясаттанушылар мен сарапшылар Елбасы шешіміне жоғары баға берді

Саясаттанушылар мен сарапшылар Қазақстан Президентінің өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке беру жөніндегі шешіміне жоғары баға берді.

Қытайдың ұлттық істер комитетіне қарасты аударма мекемесінде басшы болған Жарқын Сағатұлының сөзінше, Елбасының билік өкілеттіктерін қайта бөлу туралы ұсынысы бүгінде әлемдік саясаттағы теңдессіз құбылыс. Бұл билік тармақтары арасында әділетті жүйені қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр. Ал өкілеттілікті бөліп беру Қазақстандағы саяси жүйені дамытудағы байыпты реформа, - дейді сарапшы.

Жарқын Сағатұлы, Қытайдың қоғам қайраткері:

- Пәлеге ұрындырмай, ешқандай жерге ұшындырмай, елді осындай аман-есен бейбітшілікпен дамытып алып келуі де оңайға түскен жоқ. Бұл меніңше, сол ел ағасы Назарбаевтың еңбегі деп айтуға болады. Қазақстанның билік түзімін өзгертіп мына парламенттік түзімге өтуі Н.Назарбаевтан кейінгі Қазақстан дамуының заңдылығына үйлеседі. Өйткені бұдан кейін де істелетін жұмыстар көп.