Қазақстан Шығыс пен Батысты байланыстыратын үлкен транспорт дәлізін қалыптастыруда

Қазақстан Президентінің жолдауына алыс-жақын шетелдегі сарапшылар да пікір білдіріп жатыр.

Қытайдың Халықаралық мәселер институты жанындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымын зерттеу орталығының басшысы Чэнь Юйжун да маңызды құжаттың мазмұнымен танысып шыққан. Оның айтуынша, бұл жолы қазақ елінің басшысы Халықаралық ынтымақтастықты арттыруға басымдық беріп отыр. Соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде Жібек жолы Экономикалық белдеуімен ұштастыру дұрыс шешім, - дейді сарапшы.

Чэнь Юйжун, ШЫҰ зерттеу орталығының басшысы:

- Президент Н.Назарбевтың жолдауын мұқият оқып шықтым. Қазақстан басшысы Қытай елімен арадағы экономикалық ынтымақтастыққа да тоқталып өтіпті. Шынымен Қазақстан мен Қытай дипломатиялық байланыс орнатқалы бері түрлі салаларда табысты әріптестікті дамытып келеді. Біздің Төраға Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы мен Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты өзара үйлесіп, нақты жұмыстар атқарылуда. Бүгінде Қазақстанның астығы Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне тасымалдана бастады. Бұл әрине, екі ел достығының жемісі. Ішкі құрлықта жатқан Қазақстан қазір Шығыс пен Батысты байланыстыратын үлкен транспорт дәлізін қалыптастыруда.