Қазақстан саяси жүйені жаңғырта бастады

Қазақстан саяси жүйені жаңғырта бастады.

Бүгін «Право» қоғамдық қоры өткізген жиында осындай пікір айтылды. Оған еліміздің Дін істері, азаматтық қоғам министрлігі мен Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы да атсалысып, «Нұр Отан» партиясының өкілдері ойларын ортаға салды. Партияның «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов Ата Заңның 26-бабына қатысты сөз қозғады. Оның айтуынша, осы бапқа өзгеріс енгізу туралы ұсыныс қоғамда жиі талқыланған тақырыптың біріне айналды. Әсіресе жастар жағы аталған баптың 1-тармағындағы өзгерісті үтір арқылы толықтыру керек деп санайды екен.

Шыңғысхан Қожахметов, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Ерекше атап өтетіні – бұл 26-бапқа қатысты ұсыныстар енгізіліп жатыр. Әсіресе жастардың көп ұсыныстары енгізілді. Қазір заңгерлер қоғамы да пікірлерін білдіріп жатыр. Жолдауға қатысты айтатын болсақ, бәрі жүйелі түрде айтылған. Үкіметтің өзіне 40-қа жуық тапсырма берілді.