Д.Стро: Жолдау Қазақстанның жағымды имиджін қалыптастырады деп үміттенемін

Президент Жолдауы ел экономикасын нығайтуға бағытталған.

Сондықтан ол болашақ үшін маңызды құжат. Жолдауда стратегиялық бағдар түзілген. «Ал үкімет жұмысы сол бағдармен астасуы тиіс», - дейді Ұлыбританияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Джек Стро.

Джек Стро, Ұлыбританияның бұрынғы Сыртқы істер министрі (2001-2006 жж.):

- Жолдауға қатысты бірнеше мәселеге тоқталғым келеді. Біріншіден, бұл құжат және оның орындалысы Қазақстанның жағымды имиджін қалыптастырады деп үміттенемін. Сирия бойынша Астанадағы келіссөздер, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіндегі Қазақстанның тұрақты емес мүшелігі, Халықаралық ЕХРО-2017 көрмесінің өтуі және басқа да бастамалардың әсерінен Батыс елдері Қазақстанға басқа қырынан қарай бастайтыны сөзсіз. Екіншіден, Қазақстан әлі де жас мемлекет. Президент Назарбаев елді басынан бастап құруға мәжбүр болды. Қазақстан 2050 жылға қарай 30 озық елдің қатарына ене ала ма? Меніңше, міндетті түрде енеді.