Сарапшы: Конституциялық реформа мемлекеттік басқару тетігін күшейтуге мүмкіндік береді

«Конституциялық реформа мемлекеттік басқару тетігін күшейтуге мүмкіндік береді».

Бұл - Көкшетаудағы «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің жауапты хатшысы Бақыт Смағұлдың пікірі. Қоғам қайраткерінің айтуынша, ең алдымен, Президенттің кейбір өкілеттіктері Парламент пен Үкіметке беріліп, тәуелсіз биліктің жаңа жаңғыру үлгісі қалыптасады. Сондай-ақ, Үкімет пен жергілікті әкімдіктердің де құзыреті кеңейіп, жауапкершілігі арта түспек, - дейді сарапшы.

Бақыт Смағұл, «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары:

- Парламентте қазір мысалы көппартиялы. Сол Парламенттегі партиялардың енді жауапкершілігі жоғарылайды. Ал енді атқарушы билікке келетін болсақ, бұрындары бізде вертикалды билік болды. Өйткені бәрі бұрын жоғарыға байланысты шешілетін. Ендігі жерде мынау сілтей салушылық, масылдық пиғыл енді болмауы қажет. Өйткені, көптеген шешілмей жатқан мәселелерді шешетін кезде, «бізде қаражат жоқ» немесе «Үкіметте мұндай тапсырма берілмеген» деген сияқты халыққа сондай айтылғаннан кейін халық оны басқаша түсінеді.