Т.Антонинова: «Сандық Қазақстан» бағдарламасы азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдейді

«Президент Жолдауында айтылған «Сандық Қазақстан» бағдарламасы еліміздегі қызмет көрсету сапасын арттырып, азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдейді.

Әсіресе, білім беру мен денсаулық сақтау саласының қызметін қолжетімді ете түседі». Бұл қостанайлық жастардың пікірі. Қазір дәрігердің қабылдауына электронды түрде жазылудың еш қиындығы жоқ. Бұл емдеу мекемелеріндегі ұзын-сонар кезекті қысқартты.

Татьяна Антонинова, балалар мен жастар қауымдастығының төрайымы:

- Президент ақпараттық технологияның жаңа тармағын дамытуға баса назар аударып отыр. Бұл қазіргі жас буын үшін өте маңызды. Қазір қоғам көп шаруаны ғаламтор арқылы шешуді меңгерді. Біз осы бағдарлама ақпараттық технологияны әрі қарай дамытады, тұрмысымызды жеңілдетеді деп сенеміз.