Украиналық кәсіпкерлер Қазақстанмен іскерлік қатынастарды нығайтуға бар күшін салады

Екі жақты бизнес-клубтың қалыптасуы Қазақстан және Украина сауда-экономикалық қарым-қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашып берді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің Жолдауымен танысқан украиндық бизнес өкілдері Қазақстанмен іскерлік қатынастарды нығайтуға бар күшін салады. Украин-қазақ қарым-қатынасы халықаралық институтының директоры осылай дейді.

Николай Степаненко, Украин-қазақ қарым-қатынасы халықаралық институтының директоры:

- Украинада Нұрсұлтан Әбішұлының Жолдауын үлкен қызығушылықпен тыңдадық, оны үлкен үмітпен күткен едік. Қазір біздің институт сауда-экономика қатынастарын дамытумен айналысады. Екі мемлекет арасындағы қатынастарды нығайту үшін экономикалық клуб қалыптастырып жатырмыз. Оны украиналық бизнесмендер жүзеге асырады. Президент Жолдауының Қазақстанның келешегі үшін тарихи маңызы зор. Оны талдай келе Президент қойған нақты тапсырмаларды тіпті уақытынан бұрын жүзеге асыруға болатынына көз жеткіздім.