Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын мәскеулік сарапшылар талқылады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын мәскеулік сарапшылар талқылады.

Ресейдің ғылым саласындағы белді азаматтары қатысқан жиын Ресейдегі Қазақстан елшілігінде өтті. Сарапшылар Қазақстан жаңғыруының үшінші кезеңін тарихи ауқымды шараға балайды. Олардың айтуынша, еліміз Еуразия кеңістігінде әлеуеметтік-экономикалық иновацияны алғашқылардың бірі болып қабылдады. Бұл өзге елдерге үлгі боларлық бастама.

Владимир Королев, Ресейдің ЭЖМ дисциплинааралық зерттеулер орталығының директоры:

- Бұл агроөнеркәсіп кешені мен басқару жүйесін стратегиялық жетілдіруге бағытталған дамудың жаңа кезеңі. Қазақстан өзінің мемлекеттік бағдарламаларында ғылым саласына, оның ішінде ғарыш технологияларына баса назар аударады. Оған дәлел ауа райының өзгеруі мен агро кешендерін зерттеуге арналған орталықтардың құрылғанын айтуға болады. Бұл президент бағдарламасында көзделген технологиялық дамудың жаңа кезеңіне көшуді жүзеге асыруға бағытталған дұрыс шешім деп ойлаймын.