Түркістандықтар Жезқазғанда тазалық акциясын өткізді

Түркістан облысынан келген арнайы делегация Жезқазған қаласының тұрғындарымен бірге Қаныш Сәтбаев ескерткіші маңын тазалады, деп хабарлайды 24KZ.

Нысан академиктің 125 жылдық мерейтойына орай жақында жаңартылған. Түркістандық делегация құрамында депутаттар, қоғам белсенділері мен ақпарат саласының қызметкерлері бар. Республиканың барлық өңірін аралап, киелі орындарда тазалық жүргізетін топ осыған дейін елдің Батыс өңірінде болған. Делегация басшысы Дулат Әбіш: «Басты мақсатымыз– азаматтарды табиғатқа жанашырлық танытуға шақыру», – дейді.

Дулат Әбіш, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты:

- Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы аясында акцияны жалғастырсақ. Сондай-ақ Жошы, Алаша ханда болып, ол жерде де акцияны жалғастырып, ол акцияның көзбояушылық емес, шынайы болуы керек. Мысалы, біз барған жердің бәрінде жүрегімізбен мынау мақсатын елге насихаттау. Тек қана барып көшені сыпыру емес, тазалық біркүндік емес, бұл кампания емес, бұл – күнделікті мәдениетіміз, соны сіңіру.