Жетісуда «Таза су» акциясы өтіп жатыр
Жетісу облысында сала мамандары өзен-көлдерді браконьерлер құрған аулардан тазартып жатыр.
Қазір Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендері мен Балқаш көліндегі балықтардың уылдырық шашатын кезеңі. Сондықтан аталған су айдындарында қармақ салуға, ау құруға тыйым салынған. «Балқаш-Алакөл» облысаралық бассейндік инспекциясының қызметкерлері құзырлы органдармен бірлесіп «Таза Қазақстан», «Таза су» акциясын өткізді.
Жетісу облысында сала мамандары өзен-көлдерді браконьерлер құрған аулардан тазартып жатыр. Қазір Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендері мен Балқаш көліндегі балықтардың уылдырық шашатын кезеңі. Сондықтан аталған су айдындарында қармақ салуға, ау құруға тыйым салынған. «Балқаш-Алакөл» облысаралық бассейндік инспекциясының қызметкерлері құзырлы органдармен бірлесіп «Таза Қазақстан», «Таза су» акциясын өткізді.
Балқаштың жағалауына алыс-жақын елдімекендерден балық аулаушылар көп барады. Қаратал ауданына қарасты үш ауылдық округтің тұрғындары солардан қалған тұрмыстық қалдықтарды жинастырды.
Нұржан Жүнісбаев, Қаратал ауданының тұрғыны:
- Таңертеңнен бері осында жүрміз тазалап реттеп, осы жердем қазір теңізге шығып, салафандар болады. Бутылка болады. Әрі-бері өткеннен кейін адамдар тастап тұрады. Соның бәрін реттеп көмектесеміз.
Балық инспекциясының мамандары «Таза су» акциясын наурыздың 29-ында бастады. Содан бері олар күшейтілген кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Негізінен аймақтағы су айдындарын бақылап, көлде қалған ауларды шығарып қайта құрылмауын қадағалайды.
Ринат Кумашев, «Балқаш-Алакөл» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары:
- Осы акцияның басынан бері 30 шақырым аулар жиналып, 3 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар жойылды.
Өңірдегі Қаратал, Ақсу, Лепсі, өзендерінде сәуірдің он бесінен маусымның біріне дейін, ал Балқаш көлінде сәуірдің 25-інен 10 маусым аралығында балық аулауға болмайды. Табиғат байлығына заңсыз қол салғандарға әкімшілік және қылмыстық жаза қарастырылған.
Серік Өмірханұлы, облыстық ПД ЖПҚБ аға инспекторы:
- Жыл басынан бері балық аулаудың қағидасын бұзудың 33 дерегі анықталды. Олар бойынша 7 қылмыстық іс қозғалып, 26 әкімшілік хаттама толтырылды.
Сала мамандары аталған жұмыстар балықтардың көбеюіне ғана емес, тұтас экожүйені сақтауға ықпал етеді, дейді.
Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосын