Абайлаңыз, импорт! Отандық жаялықтар нарыққа шығарылмақ

www.uaua.info

Қазіргі кезде сәбилердің қаптаған жаялықтарын қайта-қайта жуып, үтіктеу жеңілдей түсті.

Шүберекті алмастырған жаялықтар әйелдің қолын ұзартқанымен, бала үшін ыңғайлы ма? Сапасы сеніміңізді қаншалықты ақтайды? Елімізде бұл мәселені қазақстандық кәсіпкерлер өз қолдарына алды. Отандық іскер азаматтар жапондық әріптестерімен бірге жергілікті балалар тауарының нарығын сараптап, елдегі сапалы әрі арзан жаялықтар тапшылығының орнын толтыруды жөн санаған. 2014 жылы елімізде бір рет қолданылатын жаялықтардың өндірісі басталды. Ел нарығына отандық тауар осы айдың соңында шығуы тиіс.