Абайлаңыз, импорт! Бөдене жұмыртқасы пайдалы ма?
Бұл бағалы әрі диеталық өнім. Шикі, қайнатылған, қуырылған оның құрамында дәрумендер көп пе?
Шетелде танымал болған бөдене жұмыртқасын қазақстандықтар да бүгінде сүйіп жейді. Осыдан шамамен 5 жыл бұрын ол тек қымбат импорттық өнімдер саудаланатын дүкендерден ғана табылса, қазір бұл өнімнің өндірісі елдің әр өңірінде қолға алынған. Оған Ақтөбедегі бөдене өсіретін ферма дәлел. Дегенмен жалпы ел нарығындағы жағдай қалай? Қазақстандағы бөдене жұмыртқасының өндірісі мен өнімнің пайдасы жайлы бүгінгі бағдарламада тарқатамыз.