Абайлаңыз, импорт! Отандық кілемдер Еуразия нарығына жол тартпақ
Отандық кілемдердің бағасы сапасына сай ма? Бүгінгі шығарылымды біз кілемдер нарығына арнаймыз.
Қазақстандық кілем өндірісінің нарығы Ресей, Иран, Бельгия, Түркия, Қытай мен Өзбекстаннан әкелінген тауарлармен толып отыр. Ресми мәліметтерге сүйенсек, елімізде жыл сайын 17,5 млрд теңгенің кілемдері тасымалданады екен. Бұл орайда отандық өнімнің қарқыны қандай? Елімізде ұлттық ою-өрнекпен нақышталған кілемдерге деген сұраныс бар ма? Өнімнің құрамы 100 пайыз табиғи екенін қалай анықтауға болады?
Кілем тоқу технологиясы, күту мен оны тазарту жолдарын толығырақ бағдарлама барысында тарқатамыз.