Абайлаңыз, импорт! Су өткізбейтін отандық етіктер

ladyzone.bg

Алматыдағы фабрика аяқкиімдерді резеңкеден емес, поливинилхлоридтен жасайды. Бұл өндіріс ошағы үнемі өзгеріп отыратын сәнге емес, сапаға мән береді.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2014 жылы елімізге Қытай, Өзбекстан, Ресей елдерінен 2,5 млн жұп резеңке етік әкелінген. Ал соңғы жылдары импорт көлемі 1,5 есеге қысқарыпты. Өйткені отандастарымыз жергілікті өнімді таңдай бастаған.

Тұрмыста ғана киюге арналған қара-сұр резеңке етіктер бүгінде түрлі түстерге боялған. Олар көктем мен күз мезгілдеріндегі құбылмалы ауа райында ең ыңғайлы етіктер. Ендеше дүкен сөрелеріндегі резеңке етіктерді қалай таңдаймыз? Ең алдымен неге назар аударған жөн?