Абайлаңыз, импорт! Отандық құрғақ құрылыс қоспалары бәсекеге қабілетті

Бүгінде жергілікті нарық ұсынатын және сұранысқа ие сылақ материалдарының 80 пайызы отандық өндірушілердің тауары.

Қазақстандықтардың әзірлеген құрылыс материалдарының рецептуралары еуропалық өнертабыстардан кем емес дейді мамандар. Себебі материалға беріктік қасиет пен сапа беретін арнайы қоспалар біздің климаттық жағдайды ескере отырып жасалады. Сондықтан ғимараттардың сыртын қаптау мен ішін әрлеу жұмыстары барысында тұтынушылар сұранысына толық жауап береді.

Бүгінгі шығарылымда қарағандылық өндіруші осындай құрғақ құрылыс қоспаларының құрамын жасырмай, өндірістік құпиясымен бөлісті. Ол материалдың 99 пайызы қазақстандық шикізаттан тұрады. Сондай-ақ шетелдік баламадан 30 пайызға арзан. Толығырақ бағдарлама барысында тарқатамыз.