Абайлаңыз, импорт! Алмадан жасалған отандық чипстер

nutriencia.com.br

Елімізде дайындалатын отандық чипстердің жаңа түрі осыдан бірнеше жыл бұрын нарыққа енген. Оның картоп чипстерінен айырмашылығы өнім құрамының табиғи тазалығында. Алмадан жасалатын оны технологтар майсыз жоғары температурада кептіреді.

Жалпы чипстерді кеміргіштерге көп берсе, олардың жүрегі тоқтап қалады екен. Ал адамдардың өнімді тұтынған сайын оған деген тәуелдігілі артады. Тіске басар ұсақ өнімдер тіпті балалардың миына зақым келтіреді дейді мамандар. Нәтижесінде есте сақтау қабілеті төмендеп, олардың белсенділігі жоғалады. Сондай-ақ ол толықтыққа алып келеді. Жалпы чипстер дегеніміз не? Құрамы да, дайындау әдісі де қарапайым болғанымен оны дүкендерден сатып алуға ұмтылатын тұтынушы ағзасына қандай қауіп төндіреді? Бізде дайындалатын отандық өнімнің шетелдік тауардан айырмашылығы бар ма?