Абайлаңыз, импорт! Нағыз томат пастасы қалай әзірленеді?

mobilizacia.kiev.ua

Томат пастасын қою да, сұйық та тағамдарға қосуға болады.

Көпшілік бұл өнімді тек дәмінің ерекшелігі үшін ғана емес, оның пайдалылығы үшін де ұнатады. Егер ол дұрыс дайындалса, кез келген астың дәмін көркейте түседі. Десек те, көпшілік бұл азық-түлік түрінің өнеркәсіптік өнімін таңдайды. Ал дүкенде сатылатын тауардың құрамы ұзын тізімге жазылып, ағзамызға қажетсіз қоспалармен толтырылады. 

Қызанақ пастасының сыртындағы жазуға сенген дұрыс па? Әлде өзінізге дәмі ұнайтын өнімді таңдау керек пе? Нағыз томат пастасы қалай әзірленеді? Бүгінгі шығарылым осы жайлы.