Медициналық жабдықтар қалай жасалады?
Әлем жылдам өзгеріп жатыр. Алайда ұлт денсаулығына байланысты бастапқы ұстаным сол қалпында қалады. Себебі ол – кез келген өзгеріске жетелейтін құндылық. Біз емхана болмаса ауруханаға барып ем-дом аламыз. Кейде ағзадағы кінәраттарды медициналық апараттардың көмегімен анықтап жатады. Әрине, технология дамыған заманды бұл қалыпты жағдай. Ал осынау үлкен істің басы-қасында кімдер жүр?