«Шахта – екінші үйіміз». Кеншілердің қиын әрі қауіпті жұмысы

Мыс – әлемде көп қолданылатын құнды металдың бірі. Сан салада пайдаланғандықтан, оның үстіне бірегей болғандықтан оған сұраныс басым. Алайда мыстан электр желілерін, тұрмыстық техниканы, медициналық жабдықтарды жасамас бұрын оны өндіру керек. Мыстың қазір заманда маңызы қандай болса, оны жер қойнауынан қазып алатын бұрғылаушылардың еңбегі сондай маңызды. Бұрғылаушы – қиын әрі тау-кен өнеркәсібіндегі күрделі кәсіптің бірі.