Қорықшылардың мінсіз қызметі
Дала – жым-жырт. Кейде жапырақтың қыбыры ғана естіледі. Кейде жел жүгірмек шөптің басын сипай өтеді. Ал кейде көл бетінен пыр-пырлай ұшқан құстың үнін құлағың шалады. Осынау мүлгіген тыныштық бұзылмасын деп, қорықшылар үнемі сақ жүреді. Олар тұмса табиғатты түрлі апаттан қорғайды, жан-жануар мен өсімдік әлеміне қамқорлық жасайды, броконьерлердің жолына бөгет болады. Алып аумақтағы ахуалды бақылауда ұстау оңай емес. Бірақ осы міндетті мінсіз атқарып жүрген мамандар бар. Бүгінгі әңгіме солар жайында болмақ.