«Еңбегіміз көзге көріне бермейді». Орманшылардың бір күні
Қалың орманның бел ортасында, қаланың тынымсыз тірлігінен аулақ жерде күні-түні бір кәсіп иесі еңбек етіп жүр. Ол – өз ісіне адал жан. Қоршаған ортаға қамқор болу, ну орманды көздің қарашығындай сақтау, жүгірген аң мен ұшқан құсты қорғау – оның мойнындағы көп міндеттің бір парасы ғана. Әсіресе экологиялық қауіп-қатер күшейген уақытта бұл қызметтің маңызы күн сайын артып келеді. Табиғатты қызғыштай қорғап жүрген олар – орманшылар.