KazSat: ғарыштық байланыс саласындағы инженерлердің еңбегі

Ұшы-қиыры жоқ ғарышта отандық жер серіктері қалықтап жүр. Олар ірі қалалардан бастап шалғайда жатқан елді мекендерді интернетпен, телевизиямен және байланыспен қамтамасыз етеді. Мұның бәрі KazSat-тың арқасында мүмкін болып отыр. Ұлттық спутниктік жүйені іске қосқан да, оның жұмысын реттейтін де, ақаудан қорғайтын да – өзіміздің мамандар. KazSat үздіксіз әрі сапалы қызмет ету үшін ғарыштық байланыс инженерлері тынымсыз еңбек етіп келеді. Олар кәсібіне адал. Әр детальға мұқият қарайды. Соның нәтижесінде «Жер серігі» деп аталатын күрделі машина мінсіз жұмыс істеп тұр. Команда мүлт кетуге мүлде болмайтынын жақсы түсінеді. Себебі кез келген кінәраттың алдын алмаса, мыңдаған адам байланыссыз қалады.