Қазақстандағы ең жақсы картоп қайда өседі?
Көксу Қарағанды қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 70 шақырым жерде орналасқан. 1968 жылғы 12 сәуірде «Көксу» кеңшары құрылды. Кейін ол облыстағы көкөніс және сүт өндіруге маманданған ірі шаруашылықтардың біріне айналды. Бүгінде кәсіпорында 50-ден астам адам жұмыс істейді. Шаруашылық мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдаланады. Картоп сыйымдылығы 21 000 тоннаға дейін жетті.