Агробизнес. Жем-азық дайындау науқаны
Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен көлемі - олардың жейтін азығына тікелей байланасты. Егер де төрт түлікке құнарлы шөппен түрлі дәрумендер беретін болсақ, тиісінше көңіліміз толатын ақпен ет аламыз. Қазір Қазақстанда дәл осы жем-азық дайындау науқаны жүріп жатыр. Қауырт маусым жайлы толығырақ бүгінгі бағдарламамызда айтатын боламыз.