Агробизнес. Тұқым шаруашылығын реформалау
Өткен жылы Қазақстанда негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының элита және бірінші репродукция тұқымдарын субсидиялау жүйесі ұсынылды. Осы күні бұл жаңашылдық мақұлданып, өз жұмысын бастады. Мұның арқасында отандық агрокәсіпкерлер аса шығынданбай-ақ астық сұрыптарын жаңартуға мүмкіндік алды. Біз бүгінгі бағдарламамызда енді ғана қолданысқа берілген жобаның маңызын, мүмкіндіктерін толыққанды айтатын боламыз.