470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz


Өрлеу жолы: шекаралық аумақтардың даму қарқыны. ШҚО

  • 106

Шығыс Қазақстан облысындағы шекаралық 5 аудан халқының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында кешенді жоспар әзірленген.

Соның аясында 2020-2024 жылдар аралығында 230 млрд теңгеге бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі бағдарламада 2020-2021 жылдарда Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Катонқарағай және Үржар аудандарында атқарылған жұмыстардың нәтижесі көрсетіледі. Қазіргі таңда ШҚО-да Қытай Халық Республикасымен шекараласатын аудандарды дамытуға 43 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Нәтижесінде шағын және орта бизнес пен агроөнеркәсіптік кешен өркендеп, жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, білім беру, туризм салалары дамып, ауыз сумен қамту, жол жөндеу жұмыстары сәтті аяқталып жатыр. Бұл халықтың жайлы өмір сүруі мен көші-қон мәселесін азайтуға әсер етуде.

Алғашқы интервьюде аймақ басшысы Даниал Ахметовтың аталмыш бағдарлама төңірегінде жасалған шаралар мен шешімін тапқан мәселелердің қорытындысы айтылған. Бағдарламада Қатонқарағай, Күршім, Тарбағатай, Зайсан, Үржар аудандарының даму қарқындарына жеке-жеке тоқталып, әр ауданнан тұрғындардың, әлеуметтік сала қызметкерлерінің шекаралық аудандарды дамыту кешенді бағдарламасы аясында болған оң өзгерістерге тоқталады.

Бағдарламада шекара шебіндегі 5 ауданда халық толықтай ауыз сумен қамтылуы, жолдардың, мектептердің, әлеуметтік нысандардың күрделі жөндеуден өтуі, көпбалалы және әлеуметтік жағдай төмен отбасылардың баспанамен қамтылуы инфографикадағы нақты сандармен көрсетіледі.

Осы категория бойынша: « Қоқыс мәдениеті | Аймақтар

Хабар 24 телеарнасы