Ақша әлемі. Ресейлік рубль

ukrpress.net

Рубль британдық фунттан кейінгі әлемдегі ең көне валюта болып саналады.

Кейбір деректер бойынша «рубль» сөзінің түбірі «рубить» деген сөзден шыққан. Ол қазақ тілінде «кесу» немесе «шабу» деген мағынаны білдіреді. Ал XIII ғасырда «рубль» деп салмағы 200 гр, көлемі 20 см болатын күміс кесектерді айтқан. Сәйкесінше оны үлкен күміс құймасынан кесіп алып, төлем құралы ретінде қолданған екен. Ресейлік рубль жайлы ресми қаржы әлемінде қандай ақпараттар бар?