Ақылды қала. Отандық киімдер қалай тігіледі?

Қазақстанда жасалған өнімді шығаратын «ақылды» техникамен жабдықталған тігін фабрикасы Астанада орналасқан.

Автоматтандырылған өндірістік кешен тек өзіміздің шикізатты қолданады. Фабрика халық тұтынатын тұрмыстық бұйымдардан бөлек мемлекеттік тапсырыс бойынша да әскери салаға арналға киімдер, мектеп формаларын және басқа да жеке компаниялардың тапсырыстарын орындайды.

Инновациялық тігін фабрикасындағы заманауи құрылғылар материал мен уақытты үнемдеуге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Қандай көлемдегі бұйым болмасын 25-30 минут жеткілікті дейді мамандар. Фабрика дуалды оқыту жүйесі арқылы 8 техникалық оқу ордасымен келісімшарт жасасқан. Өндірістік тәжірибені осы жерде өткізуге мүмкіндік алған студенттер, оқуды аяқтаған соң жұмыспен қамтылады. Өндіріс ошағының тынысы жайлы шығарылымда тарқатамыз.