Ақылды қала. Электронды оқыту жүйесі

Смартфонның сабақтағы пайдасы қандай? Оқу барысында оны қолданған дұрыс деп ойлайсыз ба?

«Astana Bilim Lab» ресурс орталығындағы мамандар бұл әдбен мүмкін дейді. Себебі гаджет жаңа оқу бағдарламаларына сәйкес сабақты түсіндіруге қажетті құралға айналды.

Әзірге алғашқы және жалғыз орталық 2015 жылы Астана қаласындағы №76-мектеп базасында ашылды. Мекеменің негізгі мақсаты мұғалімдерге ақпараттық коммуникациялық технологияларды білім беру процесіне қолдануға қатысты оқыту. Сабақ барысында заманға сай электронды құралдарды, яғни смартфондар мен планшеттерді тиімді пайдалану жолдарын жоба үйлестірушілері үйретеді. Олар қолдарынан ұялы телефонын тастамайтын XXI ғасыр оқушыларын сол құрылғының өзімен оқытқан жөн дейді. Гаджеттер арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.

Бұл жобада қолданылатын электронды оқулықтар ыңғайлы, әрі қолжетімді. Онда егер бастауыш сынып оқушылары үшін iMektep.kz бағдарламасы жасалса, жоғарғы сынып оқушылары үшін iTest.kz жобасы құрастырылған. Сондай-ақ BilimLand.kz атты ірі электронды ресурсы бар.

Сабақтар мектеп бағдармасына негізделген 3 тілде оқытылады. Ол 10 мыңнан астам интерактивті сабақтар жиынтығынан құралған. Онда тіпті мүмкіндігі шектеулі балаларға мәтінді үлкейту, дыбыстық транскрипция секілді арнайы технологиялар да қарастырылған.