Ақылды қала. Интеллектуалды үй

amavys.ro

Өздігінен ашылатын есіктер пен перделер, шапалақпен қосылатын жарық, дыбыспен басқарылатын техникалар. Мұның барлығы бүгінде «ақылды» үй құрылымына енгізілген технологиялар.

Астанада дәл осындай қызметті 5 компания ұсынады. Бір орталықтан басқарылатын жүйеге ғаламторға қосылған «ақылды» үй деп аталатын бағдарлама жүктелген смартфон не планшет жеткілікті. Оған қоса бүкіл жүйе телефон нөміріңізбен байланыстырылады. Себебі үйде қандай да бір ақау шықса, телефонға смс хабарлама келеді. Жылу жүйесін реттейтін, тіпті келешекте азық-түлік тізімін өзі жасап, дүкенге тапсырыс беретін «ақылды» тоңазытқышпен жабдықталмақ қызықты жоба жайлы бүгінгі шығарылымда таныстырамыз.