Ақылды қала. 3D технологиялары құзыретті орталығы

«Astana Innovations» компаниясы елорда дамуының инновациялық интеграторы. Осы мекеменің ұйытқы болуымен бүгінде талай жобалар жүзеге асырылып, «ақылды» шешімдер жасалды.

Солардың бірі 2011 жылы компания құрамынды ашылған «3D технологиялары құзыретті орталығы». 2015 жылы бұл орталық негізінде Астана қаласындағы орта мектептердің 9-11 сынып оқушыларына 3D технология бойынша тегін курстар өткізілді. Мақсаты технологияға жақын, талабы бар оқушылардың болашаққа деген қадамын мықтау. Орталықта тағы қандай қызықты жобалар жүзеге асырылып жатыр?