Әлеует. «Қазақтелеком» АҚ-ның кірісі
Жарты жылда «Қазақтелеком» қызметтерін сатудан түскен кіріс 96 млрд. 749 млн. теңгені құрады.
Бұл өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 6% пайызға артық. Компанияға тіркелген желілер саны І жартыжылдықта 4 млн. 67 647 бірлікті құрады, оның ішінде қалалық телекоммуникациялық желілер саны 2 млн. 916 мың бірлік, ауылдық 1 млрд. 151 мың бірлікке жетті. Есепті мерзімде орнатылған телефондар саны 128 мың, қалалық желіде 86 мың үйге аппарат қойылса, ауылдық желіге 41 мың тұрғын жаңадан тіркелді.