Әлеует. ЕХРО-2017 көрмесіне орай қазақстандық әуе компаниялардың ұшу географиясы кеңейеді

yvision.kz

Еліміздің әуе компаниялары ЕХРО-2017 көрмесіне қарай ұшу географиясын кеңейтеді.

Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаевтың айтуынша, 2015 жылдың басында «Эйр Астана» әуе компаниясы Астанадан Прага мен Париж қалаларына жаңа тұрақты рейстер ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындық аясында аталған компания елордадан Амман, Уфа, Минск, Ереван, Бангкок, Мумбай, Сочи және Ұлан-Батыр қалаларына жаңа рейстер ашуды көздеуде. Бұған қоса, «Скат» әуе компаниясы ЕХРО-ға дайындық аясында Астанадан Ферғана, Сеул, Дели, Вильнюс, Рига, Афина мен Ганноверге рейстер ашпақ.