Әлеует. X Kazenergy Еуразиялық форумы

Бүгінде мұнай бағасы сұраныстың түсуі салдарынан төмендеуін тоқтатар емес.

Сондықтан мұнайды тиімді өндіру мәселесі бүгінде бірінші орынға шығады. Әлемдік энергетикалық нарық ойыншылары шикізат бағасы мен оның өндіруші компанияларға деген әсерін ортақ алаңда талқылады. Энергетиканың жаңа көкжиектері, серіктестік әлеуеті мен инвестициялар тақырыбы аясында Астанада өткен X Kazenergy Еуразиялық форумында аталған сектордың өзекті проблемалары көтерілді.