Әлеует. Үздік стартап-жобалар іріктелген апта
Алматыда бастау алған Инновациялық апталық Астанада ірі халықаралық форуммен жалғасты.
Жиында әлемнің түкпір-түкпірінен келген сарапшылар саланың ертеңі мен бүгінін талқыға салды. Сондай-ақ онда үздік стартап-жобалар анықталды. Технологияның дамыған заманында мұндай ауқымды шаралар қажет-ақ. Олар озық технологияға қадам жасауға мүмкіндік береді.