Әлеует. Еліміздің инвестициялық ахуалы қандай?
10 жыл ішінде елімізге $200 млрд астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды.
ҮИИД бағдарламасы жүзеге асқалы бері инвестициялардың бағыты өзгерген. Дәстүрлі мұнай мен газ өндіру, металлургиядан басқа қайта өңдеу саласы да соңғы уақытта шетелдіктердің қызығушылығын тудырғаны рас. Бұл салаға құйылған инвестициялар өсімі шамамен 48 пайыз. Бүгінде елімізге инвесторларды тарту бойынша 3 бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Тақырыпты толығырақ осы шығарылымда тарқатамыз.