Анығын айтқанда. Биылғы Құрбан айт індет кезінде қалай өткізілмек?
Осы жұма күні елімізде құрбан айт басталады. Әлемде өршіген індет кезінде эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, үйде отырып қандай амалдарды жасаған дұрыс?
Құрбандықты шалмай, түлікті сатып алатын қаржыны мұқтаж адамдарға беруге бола ма? Жұмыссыз қалған, несиесі төленбей жатқан адамдарға құрбандық шалу уәжіп пе? Осы және басқа да мұсылман қауымды алаңдатқан сұрақтарға жауап беру үшін студиямызға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы келіп отыр.