Ядролық сынақ қасіреті

Халқымыз сан қилы тарихында небір зұлматты жылдарды, еске түсірудің өзі оңайға соқпайтын ауыр кезеңдерді бастан өткерді. Тіпті, кей қасіретті күндердің зардабын қазірге дейін тартып келеміз. Мәселен, ядролық сынақтардың кесірінен Семей облысы тұрғындарының өмірі 2 млн 400 мың жылға қысқарған.