Қанды сарқырама ненің белгісі?
Антарктида мұзды мұхитындағы сарқырамадан қан ағып жатыр. Әлеуметтік желіде тараған видео бірнеше күннен бері желідегі жұрттың қызу талқысына түсті. Таңқаларлығы видео ешқандай жасанды интеллектінің көмегімен жасалмаған. Қою қызыл түсті сарқыраманы көрген желі қолданушылары түрлі болжам жасауда. Бірі: «Бұл жаһандық жылынудың салдары» дейді. Тіпті өз көзіне өзі сенбегендердің арасында ақырзаманның бірі белгісі деп топшылығандар да бар.