Мұндай да болады екен: Көлігін соққан әйел аяқасты жүкті болып шыға келді
Қазақ еліне +1 парақор полицей. Ақсу қаласында жүргізуші куәлігі жоқ әйел жол-көлік оқиғасына түскен. Оның темір тұлпарды заңсыз тізгіндегені аздай, спирттік сусынға сылқия тойып алған. Азаматша жазадан айналып өтудің жолын іздеп, оқиға орнына жеткен полицейге ақша ұсынады. Ал қу құлқының қамы үшін жемсауы бүлкілдеп тұрған сақшы келісе кетеді. Осылайша әкімшілік істі қарау барысында әлгі әйелдің жүкті екендігі туралы анықтама ұсыналады. Соның негізінде қамауға алынуы керек жүргізуші айыппұл төлеп құтылады.